Body: 





03.06.2022

Колледж үздіктерін марапаттау рәсімі

2022 жылдың 3 маусым күні колледж мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялануына байланысты және Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 30 жылдығына орай салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Отан – адамның туып - өскен жері, атамекені, ел-жұрты, халқы, тілі, мәдениеті, тұрмыс–салты, әдет–ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аумақ. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Гимнін тұмардай қасиет тұтуы қажет. Қазақ елінде тұратын және оны өз Отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз – деп сөз бастаған колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы Гаипов колледжіміздің қоғамдық жұмыстарына белсенді араласып жүрген және қалалық, республикалық, халықаралық спорттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған бір топ студенттерді марапаттады.
Колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы 13-15 мамыр аралығында өткен 12 мемлекеттен 30-ға жуық спортшылар қатысқан KWU Азия Чемпионатында І орын иеленіп, «Чемпион» болған Киокушинкай-Кан каратэдан «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына ие болған колледжіміздің 3РЭС-219 тобының студенті Искаков Мақсат Мұратұлын колледж ұжымы мен студенттер атынан шын жүректен құттықтады.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан дарынды жастарға колледж өнерпаздары ән, билерін тарту етіп, шараның соңын «Колледж гимнімен» Нұрболат Сейтмұратов қорытындылады. Мерекелік кештің соңында естелік суретке түсті.

Ералханұлы А.