Body: 

2016 жылғы 17 ақпанда Көлік және коммуникация колледжінде Қазақстандағы дүниежүзілік "EXPO- 2017" халықаралық көрмесінің өткізілуі қарсаңында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері арасындағы "Болашақтың энергиясы- EXPO-2017" атты студенттердің қалалық шығармашылық көрмесі өткізілді.

Көрмеге Астана қаласының колледждері қатысып, олардың экономиканың әртүрлі салалалары бойынша 30 жобалары ұсынылды. Осы көрмеге қалалардың толық және экологиялық ғимараттарының макеттері, компьютерлің бағдарламалар, құрал-жабдықтардың макеттері қойылды.

Көрменің мақсаты- техникалық-кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттерін энергетиканың өзекті және мақсатты бағыттағы жобаларды орындауға қызықтыру, кәсіби және ғылыми шығармашылық, инновациялық идеялары мен жобаларды дамытуға ат салысуға шақыру.

Көрме колледж директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлының алғы сөзімен ашылды. Арнайы пәндер оқытушысы Р.С. Ермаханова "Болашақтың энергиясы- "Жасыл экономика" қалыптастырудың сенімді қадамы"-атты баяндамасымен жалғасты.

Көрменің сараптамашысы ретінде - Энергияның жаңартылған көздері департаментінің энергияның жаңартылған көздерін дамыту басқармасының басшысы Бөлекбаева Райгүл Базарбайқызы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің "Энергиямен қамтамасыз ету" кафедрасының аға оқытушысы, PhD философия докторы Сарсикеев Ермек Жасланұлы, «Астана қалалық жарық» ЖШС техника қауіпсіздігі бойынша инженері Әкібеков Ілияс Оразханұлы қатысып, қатысушылардың ғылыми-зерттеушілік жұмыстарының шығармашылық өзектілігінің жоғары деңгейін атап өтті.

Сонымен бірге, ғылыми-тәжірибелік жұмыстарға икемді, өнертапқыш және рационалды, дарынды жастарды анықтады.

Көрмедегі керемет жобасы арқылы Бас жүлдені М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының Ақмола колледжінің студенттері иеленді.

"Жайлы үй" жобасы бойынша Политехникалық колледж студенттері I орынды жеңіп алды. II орынды "Көлік және коммуникация колледжі" МКҚК студенттері және "Энергетика және байланыс колледжі" МКҚК студенттерімен бөлісті. III орынды "Көрмелік орталық" макеті бойынша "Политехникалық колледжі" МКҚК студенттері және "Сұйық сутегіден электр энергиясын өндіру" тақырыбы бойынша жұмысымен "Көлік және коммуникация колледжі" МКҚК студенттері иеленді.

«Техникалық колледж» МКҚК студенті Фербер Герберт үздік «Өнертапқыш» номинациясын жеңіп алды.

"Көпбейінді колледж" МКҚК студенті «Үздік креативті жоба» номинациясын иеленіп, дипломмен марапатталды. "Басқару колледжі" ЖШС студенті "Үздік презентация" номинациясын жеңіп алды.