Body: 

2016 жылғы 15 ақпанда Астана қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында «Шаттық – 2016» ашық шығармашылық қалалық байқауы өткізілді.


Байқаудың басты мақсаты – көп қырлы шығармашылық тұлғаны қалыптастыру және мәдени деңгейін көтеру арқылы, насихаттау жолдарының көмегімен оның жүзеге асырылуына қолдау көрсету.

Биыл «Шаттық - 2016» ашық шығармашылық қалалық байқауында колледж студенттері 6 кезең бойынша 5 шығармашылық жанрларына қатысты. Олардың ішінде: хор, эстрадалық әнді жеке орындау, бейнелеу өнері, фотосурет, театр өнері, эквилибристика.

Байқаудың нәтижесі бойынша колледж белсенділері вокал жанрының хор және эстрадалық әнді жеке орындау номинацияларының дипломанты атанды. Әділқазылар алқасы студенттердің дайындығын жоғары деңгейде бағалап, колледж әкімшілігіне әлеуметтік белсенділіктің дамуына және жасөспірімдердің шығармашылық деңгейінің өсуіне үлес қосқаны үшін ризашылығын білдірді.

А.Мурзабаева