«ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАСЫ
ҒЫЛЫМИ- ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ФОРМАТЫНДА»

2020 жылдың 23 қыркүйек күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 75 жылдық мерейтойы аясында "ХХІ ғасырдағы ғылым және жаңа ұрпақ" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының салтанатты ашылуы Білім басқармасының, Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері, Л. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамының ғалымдары, әлеуметтік серіктестердің қатысуымен өтті.
Дәстүрлі конференция алғашқы рет онлайн режимде өтті. Іс- шараның ғылыми, білімділік маңызы жоғары, біздің ғана емес, сонымен қатар Ресей Федерациясы, Солтүстік Осетия- Алания колледждерінің өзара серіктестік әрекетінің айқын үлігісі болды.
Іс- шараның мақсаты- студенттердің көліктік- логистикалық жүйесінің маңызды мәселелерін, сандық технология және ақпараттық жүйелер, энерготиімділік саласындағы инновацияны зерттеуге қызығушылықтарын арттыру, сонымен қатар біздің мәдениетімізді дамытудың сұрақтарын қарастыруға ынталандыру. Іс- шараның мақсаты- студенттердің көліктік- логистикалық жүйесінің маңызды мәселелерін, сандық технология және ақпараттық жүйелер, энерготиімділік саласындағы инновацияны зерттеуге қызығушылықтарын арттыру, сонымен қатар біздің мәдениетімізді дамытудың сұрақтарын қарастыруға ынталандыру. Конференция жұмысы пленарлық отырыстан басталды.
Құттықтау сөзін ҚР БҒМ педагогикалық кадрлар қызметін түзету және тәрбие жұмысы басқармасының басшысы Биекова Бахытжан Умитбековна сөйледі. Құттықтау тілегімен Нұр- Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының жетекшісі Макышева Алия Долданова сөз алды. Ол колледж ұжымын мерейтоймен құттықтап, студенттермен ғылыми жетекшілер үшін конференция өткізудің маңыздылығын атап өтті. Колледж ұжымына үлкен жеңістер мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуді тіледі.
Мерейтойлық конференция қонақтары мен қатысушыларына ізгі тілегімен колледждің директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы сөз сөйледі. Зулфухар Сұлтанұлы өз сөзінде колледждің қалыптасуы мен тарихына, оқытушылар мен студенттердің жетістіктеріне тоқталды. Қатысушыларға жетістіктер тіледі. Конференцияға барлығы 63 баяндама келіп түсті.
Конференция жұмысы төрт бағыт бойынша ұйымдастырылды. Конференция қатысушыларының жұмыстарын білікті сарапшылар бағалады.
Үздік баяндамалар Нұр- Сұлтан қаласы Білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.
«Жаһандық цифрлау - өмір сүру сапасын жақсарту үшін цифрлық экожүйені қарқынды дамыту» бірінші секция жұмысы бойынша:
1 орын – Жакпаров Женыс (ВКТК)
2орын – Рахымжанова Гульназ (ВКТК); Кайратов Карим (ВКТК);
3 орын - Мырзакулова Асылжан (Көпбейінді колледж).
«Темір жол көлігінің дамуы және оның инновациялық белсенділігі» екінші секцияда:
1 орын - Кадыров Семен (Волгоград), Кашанов Б., Акужинов К. (ВКТК)
2 орын – Кошелев Иван (Волгоград); Жетписова Адема (ВКТК)
3 орын – Руденко Сергей (Волгоград)
«Энергияны үнемдеу және энергияның тиімділігін басқарудың қазіргі заманғы тәсілдері», «Автокөлік инфрақұрылымын және менеджментті жаңғырту» секциясы бойынша:
1 орын - Баканев Павел (Волгоград), Нурмаханова Бибинур (ВКТК)
2 орын - Фирсов Виталий (Волгоград); Жүсіпбек Бегарыс (ВКТК)
3 орын - Әмірхан Бақытжан (Техникалық колледж)
«Менің жерімнің алтын құндылықтары. Тарихы, ғылым, мәдениет» төртінші секция бойынша:
1 орын - Бердалиев Темур (Волгоград), Құдайберген Нұрбала («Шипагер» медициналық колледж)
2 орын - Жакан Адель (ВКТК)
3 орын - Ғалымжанұлы Альтаир (ВКТК)
Барлық қатысушыларға сертификат, ал жеңімпаздардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар жіберіледі.
Барлық жеңімпаздарды құтықтаймыз және ғылыми- зерттеу қызметінде үлкен жетістіктер тілейміз!

Әдіскер С. Хайруллина