Body: 

КОЛЛЕДЖДЕ «ӘДІЛДІК, ШЫНДЫҚ, ҚАНАҒАТ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОНЛАЙН ӨЛЕҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ


  Ағымдағы жылдың қараша айында колледжімізде 1-4 курс студенттері арасында «Әділдік, шындық, қанағат» тақырыбындағы онлайн өлең байқауы өтті.
Байқауды өткізудің мақсаты - жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жауапкершілік, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Өз өлеңдерінде студенттер өзінің еңбегіне деген шыншылдық қатынас, адалдық, параға төзбеушілік туралы білімдерін сипаттаған.
Байқауға келіп түскен жұмыстарды саралап, қорытындылау нәтижесінде келесі жеңімпаздар анықталды:
І орынды Ертайқызы Зінат 1 ОДД-220 тобы, ІІ – Әлмағанбетов Нұрмағанбет 3 ППС – 218 тобы және ІІІ орынды Ерсейт Аружан 3 ЭТС-218 тобы иеленді.
Өскелең ұрпақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша колледж ішілік жоспарды жүзеге асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және қоғаммен
ынтымақтастық бойынша, студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және оның кез-келген түріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға,
жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіліп отырғандығын атап өту керек.

«Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Чалгинбаева Гүлназ