Body: 






АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында 2021 жылғы 26 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің арасында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты ІХ дәстүрлі жас ақындар мүшәйрасы өткізіледі. Дәстүрлі мүшәйраның ұйымдастырушылары: Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы және Жоғары көлік және коммуникация колледжі.

Жеңімпаздарға Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтар, қатысушыларға және олардың жетекшілеріне Алғыс хаттар, өлеңдер жинағы қоса беріледі.