Body: 





14.04.2023 г.

Л. Қоныстың «Тиын» шығармасы желісінде әдеби сот.

2023 жылдың 14 сәуірінде Жоғарғы Көлік және коммуникация колледжінің кітапханасында, кітапханашы М. Омарова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Ахметованың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында Лира Қоныстың «Тиын» әңгімесінің желісінде «Әдеби сот» іс шарасы өткізілді. Іс шараға колледж директоры Е.Б.Капезов және директордың оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Г.С.Чалгинбаева қатысты.
Шара барысында әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау жасалды. Шараға, 1ЭН-222 тобының студенттері қатысып Соттың рөлінде Д.Аппбасов, прокурордың рөлінде Д.Сауытжан, хатшының рөлінде Е.Мұхаметжан, баланың атасының рөлінде Б.Мұратәліұлы, куәгерлерінің рөлінде С.Маммедов, Е.Назаров, қорғаушысының рөлінде – Н.Иса, баланың анасының рөлінде А.Әбиір, куәгерінің рөлінде Н.Зинаділ ойнады. Сот барысында баланың өліміне атасы ма, әлде анасы ма кінәлі деген ойды талқылады. Соңында екі тараптың да кінәсі жоқтығы анықталып сонымен іс жабылды. Шара соңында колледж директоры студенттерге шығармадан түйген ойларын ортаға салуларын сұрады. Шараға қатысушы студенттердің ойлары екіге жарылып, бірі баланың өліміне атасының айтқан өтірігі себепші болды десе, келесі жақ баланың анасын кінәлады. Сонымен талқылау барысында өтірік айтпас бұрын өтіріктің салдарына аса назар аудару қажет деген тұжырымға тоқталдық. Жалпы әдеби сот өт е әсерлі өтті.

Кітапханашы: М. Омарова.

Литературный суд по рассказу Лиры Коныс «Тиын»
14 апреля 2023 году в библиотеке ГКП на ПХВ «Высший колледж транспорта и коммуникаций» акимата г.Астаны в рамках проекта «Оқуға құштар колледж» библиотекарь Омарова М.М. и преподаватель дисциплины «Казахский язык и литература» Ахметова Г.К. провели литературный суд по произведению «Тиын» юной писательницы Лиры Коныс с группой 1ЭН-222. В мероприятии также приняли участие директор колледжа Капезов Б.Е. и заместитель директора по учебно-методической работе Чалгинбаева Г.С.
В ходе мероприятия участники обсудили литературное произведение и главных героев книги. Роль судьи исполнил студент Аппбасов Д., роль прокурора Сауытжан Д., роль секретаря суда Мұхаметжан Е., роль дедушки мальчика Мұратәліұлы Б., роль свидетелей Маммедов С., Зинаділ Н. и Назаров Е., роль защитника Иса Н., роль матери мальчика Әбиір А.
В процессе суда участники обсудили вероятность вины в смерти мальчика матери и дедушки. В заключении судебного процесса выяснилось невиновность обеих сторон и дело было закрыто.
В конце мероприятия директор колледжа предложил студентам высказать свое мнение о данном произведении. Мнения студентов разделились, одни считали виновным в смерти мальчика дедушку, другие обвиняли мать мальчика. В ходе диспута был сделан вывод о том что ложь может привести к трагическим последствиям в жизни.
Литературный суд прошел очень оживленно и интересно, произведение затронуло своим драматизмом всех участников и гостей мероприятия.

Библиотекарь М. Омарова.