Body: 





19.09.2023 г.

№ 1 педагогикалық кеңес қаулысы

1. Педагогикалық ұжым өкілдерінің тізімдері бекітілсін.
2. Колледждің 2023-2024 жылдарға арналған нормативтік және оқу-бағдарламалық құжаттамасы қабылданып бекітілсін.
3. ҚР ОАМ-нің 2023-2024 оқу жылына жіберілген әдістемелік-нұсқау
хаты басшылыққа алынсын. Колледждің оқу үрдісі нұсқау хатқа сәйкес ұйымдастырылсын, қаулының орындалуы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Канапинадан, директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Г.Чалгинбаевадан сұралсын.
4. Қабылдау комиссиясы жұмысының нәтижелері қанағаттанарлық деп
қабылдансын.
5. Мемлекеттік білім беру тапсырысындағы бос орынға берілген
студент өтініші қанағаттандырылсын. Ауыстыру бұйрығын шығару директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Канапинадан сұралсын.
6. 2023-2024 оқу жылына бөлінген педагогтердің оқу жүктемелері қабылдансын.
7. Ақылы қызмет көрсету шарты бойынша бір академиялық сағат құны 1300 (бір мың үш жүз) теңге болып тағайындалсын.