Түлектер- колледж мақтанышы

Нұр- Сұлтан қаласындағы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 75 жылдық мерейтойына арнайы ат басын бұра келіп, құттықтап, ізгі тілектерін арнап, колледжде өткен студенттік күндерінен естеліктерімен бөлісіп жатқан түлектері жетерлік. Соның бірі – Сериков Замир, 2007 жылғы түлек.
«Колледж басшылығын, ұстаздарды, студенттерді айтулы мерекемен яғни, 75 жылдық мерейтоймен шын жүректен құтықтаймын. Қайта оралмас студенттік жылдардың естеліктерін еске алудың тамаша мүмкіндігі де пайда болды. «Қасиетті қара шаңырақ қабырғасында алған білімін ел игілігіне жұмсау – әрбір түлектің міндеті», – деп сөз бастап, одан әрі колледжге алғаш қалай келгені, білім нәрін сыйлаған оқытушылары туралы жарқын естеліктерімен бөлісті. «Осы қара шаңырақтан үлкен өмірдің табалдырығын аттадық. Осы колледжде алған сапалы білімімнің арқасында қызметте үлкен жетістіктерге жеттім. Теміржол саласында қарапайым қабылдаушы- тапсырушы лауазымынан «ҚТЖ» АҚ басқарма басшысы лауазымына көтерілуім осы жерден алған терең білімімнің негізінде жатыр. Колледж барлық студенттердің бойына азаматтық қасиеттерді сіңіре білді деп ойлаймын»- деп сөзін жалғады. Ұжымға білім беру жолында сәттіліктер тіледі.
Колледжіміздің түлектері қоғамның барлық саласында белсенді еңбек етіп, алдыңғы қатардан көрініп жүр. Өз ісінің шебері атанып, колледждің дәрежесін көтеріп жүрген түлектеріміз қашан да мақтаныш.

Г. Ахметова