Жастар ісі жөніндегі комитеті

Жастар – кез-келген қоғамның ең құнды әрі әмбебап қоры, сондай- ақ сол ел дамуының негізі болып саналады. Колледжде жастар саясатының дамуы - тәрбиелік жұмыстың басты бағыттарының бірі. Осы бағыттағы негізгі жұмыс атқарушы бөлімше – «Жастар» ісі комитеті. Комитеттің нормативті құжаттарына ҚР «Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты» заңдары, ҚР Конституциясы және т.б. заңнамалар жатады. «Жастар» комитетінің отырысы айына екі рет өтеді. Бұл отырыстарда жастар саясатының өзекті мәселелері, колледжішілік және қалалық деңгейде өтетін іс-шаралардың жоспарлары талқыланады. Жастар ісі жөніндегі комитеттің құрамына колледждің өзін өзі басқару құрылымының мүшелері, жатақханалардың студенттік кеңесі, оқу топтарының старосталары, спорттық секциялар мен қызығушылықтар бойынша үйірмелердің қатысушылары кіреді.
 
Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы
Мұратұлы Ақжол

 
1992 жылы Павлодар облысы Екібастұз қаласында дүниеге келген. 2010 жылы Екібастұз ауданы Сарықамыс жалпы орта білім беру мектебін «Алтын белгі» белгісімен аяқтап, 2014 жылы Алматы Энергетика және Байланыс Университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығын тәмамдаған. Қызметтік жолын Астана қаласы Көлік және коммуникация колледжі «Электробайланыс» кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы болып бастады. 2015 жылы колледждің жастар ісі бойынша комитеттің инспекторы болып тағайындалды.
 
 
 
Русский