Body: 





15.03.2024 г.


2024 жылдың 15-наурызы күні колледжде кезекті әдістемелік отырыс өтті. Отырыста кафедра жетекшілері Р.Ермаханова, Ж.Кенжебеков, К.Хайвхан өткізілген пән апталықтары туралы баяндап, іс-шаралар мен ашық сабақтарға тоқталды. Аттестатталушы ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Қ.С.Жәдігерова, дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы К.О.Асембаев әзірлеген авторлық оқу-әдістемелік кешендерін әдістемелік кеңес мүшелеріне сараптамаға ұсынды. Әдістемелік құралдар колледждің барлық мамандықтарының 1-курс студенттеріне қажетті деп танылды. Құралдарды колледждің кәсіби ағылшын тілі, дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларына қолдануға ұсыныс берілді.