Body: 

2018 жылғы 6 сәуірде Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасын» түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында колледжімізде Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаты Сапар Қайратұлы Ахметовпен кездесу өтті.

«Біз Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік бастамалары барлық азаматтардың өмір сапасын жақсартуды қамтамасыз етіп, әлеуметтік мемлекет пен ұлттық әл-ауқаттың прагматикалық қазақстандық үлгісінің негізін қалыптастыратынына нық сенімдіміз. Жаңа міндеттер мемлекеттік органдар мен жалпы азаматтық қоғамдастықтың үйлесімді, тиімді жұмысын талап етеді. Біздің коалициямыздың барлық мүшелерін, азаматтық қоғамның барлық өкілдерін осы жұмысқа белсенді қатысуға шақырамыз» - деді депутат мырза.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындары түсетін абитуриенттерге қосымша 20 мың грант қосылады. Бұл қуантарлық жағдай. Әсіресе, техникалық білім оңтайландырылады. Бұдан бөлек Елбасы робототехника мен IT-технологияларды дамытуға баса назар аударып отыр. Себебі, заман цифрландыру заманында аталмыш мамандық иелеріне сұраныс жоғары.

Өткен кезең ішінде «алдымен – экономика, cодан соң – саясат» деген қазақстандық даму формуласы өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін көптеген бағдарлама қабылданды. Соның нәтижесінде ел экономикасының екпіні артып, тұрақтылығы сақталып, даму деңгейі қуатты қарқын алды. Үндеуде елімізде жылдық 7 пайызбен үй сатып алуға мүмкіндік беретін "7-20-25" бағдарламасы іске қосылатындығы туралы айтылған.

Яғни, президенттің ұсынысы бойынша ипотекалық бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі қазіргідей 14-15 пайыз емес, 7 пайызды құрайтын болады. Үйді алу үшін алынатын бастапқы жарна - 20 пайыз. Ал, бұл жастар үшін өте тиімді болатынын атап өтіп, сөзін қорытындылады.

Кездесу соңында мәжіліс залына жиналған оқытушылар мен студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

А. Далабаева