Body: 

Колледжде 2018 жылдың 16-сәуірінде жас мамандармен кезекті семинар өтті.

Семинарда сабақ барысында қолдануға қажетті таратпа материалдарды дайындау реті көрсетілді. Оқытушылар арнайы үлгі бойынша өз қолдарымен таратпа материал жасады. Сонымен қатар көбейтілген дайын материалды пайдалану жолдары ұсынылды. Көрнекі материалдарды, аудио, бейне материалдарды іріктеу, көшірмелеу және ұсыну әдістемелері қарастырылып, мысалдар арқылы баяндалды.

Сабақта неғұрлым топтық әдістер жиі қолданылса, білім алушылар топтарға қызыға бөлініп, тапсырмаларды жылдам орындайтын болады. Сондай ақ, оқу тобының студенттерін шағын топтарға бөлу қажеттілігі және бөлу барысында кездесетін қиындықтарды шешу жайлы айтылды.

Семинарда қаралған келесі сұрақ - жалпы еңбек тәртібі мен оқу жылын аяқтау барысында оқытушыға қойылатын талаптар жайлы болды. Еңбек демалысына шығу тәртібі туралы кадр бөлімінің инспекторы Р.А.Кусайынова хабарлама жасап, жас мамандар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді. Жұмыс соңында әдеттегідей тренинг өткізіліп, жас оқытушылар бір-бірімен қарым-қатынас деңгейін анықтай алды.

Әдіскер Мылтыкбаева Ж.Т.