Body: 

2018 жылғы 13 сәуірде колледжіміздің намысын қорғап жүрген «Жалынды жастар» Жайдарман тобы алғаш рет республикалық «Жайдарман» ойындарының «Жетісу» ашық лигасының ойындарында өнер көрсетті. Еліміздің әр аймақтарынан келген жарысқа қатысушы 22 топ ойын көркін ашты. Сапалы әзіл мен ұтымды қалжыңдарымен көзге түсе білген «Жалынды жастарымыз» көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Қазылар алқасының құрамында БАС продакшн бас продюсері Ақылбек Досжан, ардагер КВНші, белгілі тележүргізуші, түрлі жобалардың авторы Марат Оралғазин, 2014 жылғы чемпионы, қазіргі таңда автор Аманжан Махметов, Алматы облысы «Жастар ресурстық орталығы» басшысы Болат Жақсыкелдиев болды.

Жарыс қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының лайықты ұпайларын иемденген студенттеріміз республикалық ашық лиганың Өскемен қаласында өтетін 1/8 ойындарына жолдама алды.

Қалалық қана емес республикалық біріншілікте алғашқы қадамдарын жасап, жоғары нәтижеге қол жеткізген «Жалынды жастар» Жайдарман тобын шын жүректен құттықтаймыз! Тек қана алға!

А. Мұратұлы