Body: 

2018 жылдың 26-сәуір күні Астана қаласының «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК-да колледж оқытушыларына арналған «Бағдарламалау пәндері мен ақпараттық жүйелерді оқытуда көптілділік оқытуды қолдану» тақырыбында қалалық семинар-тренинг өтті. Семинар «КжТББ білім беру әрекетін ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту әлеуеті» жобасының аясында Астана қаласының Білім басқармасы, «Білім беруді жаңғырту орталығы» КММ-нің КжТББ бөлімі, «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК-мен ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты – кіріктірілген (CLIL) әдістемесін, «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы Ш.М.Бабаеваның Малайзия мемлекетінде халықаралық тәлімдемеден өту барысында меңгерген Web 2.0 интербелсенді сервистерімен біріктіре отырып бағдарламалау мен ақпараттық жүйелер пәндерін оқытуда пайдалану тәжірибесін көрсету. Семинар-тренингке Астана қаласы колледждерінің 30-ға тарта педагогтары қатысып, жаңа әдістемені меңгерді.
Қатысушылар:
1. Малайзия мемлекетіндегі білім беру саласындағы ерекшеліктермен және халықаралық тәлімдемеден өту бағдарламасымен танысты;
2. оқыту пәніне тілдік білім кіріктірілген СLIL әдістемесімен, сонымен қатар Web 2.0 интербелсенді сервистерімен танысты.

Семинар жұмысы екі бөліммен өткізілді: теориялық және практикалық. Семинардың теориялық бөлімінде арнайы пәндер оқытушысы Ш.М.Бабаева CLIL әдістемесі туралы, Web 2.0 интербелсенді сервистері мультимедиялық интербелсенді жаттығулар, тесттер, анкеталар, ойындар мен сауалнамалар құруға арналған: LEARNINGAPPS, «Облако слов», SIMPOLL, QUIZLET, PLICKERS бағдарламалары туралы баяндады.

Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар берілген әдістемелік нұсқаулар бойынша тапсырмаларды орындады.

Семинар – тренинг соңында Plicker мобильді қосымшасы арқылы рефлексия орындалды.

Семинарға қатысушылардың айтуынша семинар-тренинг барысы ұтымды және қызықты ұйымдастырылып, алынған және меңгерілген әдістерді оқу үрдісінде қолдануға мүмкіндік жасалды.

Әдіскер Ж. Мылтыкбаева