Body: 



2018 жылдың 5 мамыр күні колледж акт залында көңілдерге көктем шуағындай сезім емне нұр құйып, 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесі мен Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 73 жыл толуына арналған «Жеңіс әуендері, көктем әуендері» атты мерекелік концерт өтті. Мерекеге соғыс ардагерлері, еңбек ардагерлері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты


Мерекелік концертті ашқан колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы 7 мамыр Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен және «Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Соғыс майдангерлері Отанға деген шын сүйіспеншілігімен, ерліктерімен, қайсарлығымен, жігер-қайратымен, ел қорғау сезімімен келер ұрпаққа үлгі болды. Еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Жалпы тарих үшін бұл азғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше. Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» -деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың өтелмес парызы», - деген сөздерімен ашып, барша қауымды бұл елеулі мерекемен құттықтад

Мереке қарсаңында колледж директоры бір қатар колледж оқытушылары мен қызметкерлері Байзаков А.К, Қамшыбай Х.А, Верхотуров Г.В, Байтайляков А.Т, колледж алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік концерттің шымылдығын Ж.Сейіовтың «Ана туралы баллада» әнімен Жазира Шаяхметова орындаса, «Тұмарым» би тобы соғыс жылдарындағы әндерге қойылған биін тарту етті. Лира Нығметова «Синий платочек» әнін нақышына келтіріп орындаса, Қаратай Санжар «У солдата выходной» әнін орындап берді.


7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай бүкіл азаматтардың құрметіне Ә.Бейсеуовтің «Ағаларым» әнін Нұрболат Сейтмұратов тарту етті.

Мерекелік шара барша қауымға таныс әрі ыстық «День Победы» әнімен аяқталды Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал біздің ардагерлер, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қалады.






Нұрболат Сейтмұратов