Body: 


2018 жылғы 16 мамырда Оқушылар сарайында Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушыларының арасында «Үздік оқытушы – 2018» қалалық байқауы өткізілді.

Байқаудың өткізілу мақсаты: рухани-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік, ақпараттық мәдениетке және табысты жетекші мамандарға ие интеллектуалды дамудың жоғары деңгейі бар шығармашылық жұмыс, дарынды педагогтарды анықтау.

Қалалық байқауға Астана қаласының мемлекеттік колледждерде қызмет атқаратын оқытушылар қатысты.

Әділқазылар алқасы: Жангозин А., Білім басқармасының басшысы, Алгазинова Қ. техникалық және кәсіптік білім беру Департаментінің мазмұн және әдістеме басқармасының басшысы, Атшабаров Б., «НұрОтан» партиясы Астаналық филиалы партиялық бақылау инспекторы, «Кәсіпқор» Холдинг» АҚ, Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ТжКББ ұйымдарының әлеуметтік серіктестері.

Байқау 3 кезеңде өтті:

I турда (сырттай) – қалалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 11 қатысушы Байқаудың сараптау комиссиясының қарауына Портфолиоларын ұсынды, онда оқытушының шығармашылық жұмысы, жұмыстағы жетістіктері мен студенттердің жетістіктері көрсетілген.

II турда (сырттай) – 1 турдан табысты өткен оқытушылар бейне сабақтарының материалдарын ұсынды.

III қорытынды турға (ішкі) сырттай екі турдан өтіп, ең үздік нәтижелер көрсеткен 6 конкурсант қатысты.

Біздің колледжіміздің арнайы пән оқытушысы Ермаханова Роза Сағидуллақызы жүлделі 1 орынға ие болды.

Роза Сағидуллақызын шын жүректен құттықтаймыз.
Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл өз кезегінде ұстаздардың мойнына екі есе жауапкершілік жүктейді. Себебі, ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу ұстаздардың қолында. Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады. Сіздің осы бағыттағы еңбегіңіз жана берсін! "Ұстаз бақыты - озып туған шәкірті" десе, атыңызды Ай-әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!











Директордың оқу әдістемелік жұмысы
жөніндегі орынбасары
Л.И. Матвеева