Body: 

12018 жылы 18 мамырда Астана қаласының Білім басқармасы Кәсіптік-техникалық колледж базасында мектеп бітіруші түлектер үшін «Мамандыққа көзқарас» атты техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының жыл сайынғы көрме-фестивалін өткізді.

Көрме-фестиваль елордадағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары туралы жалпы білім беретін ұйымдардың түлектеріне қажетті ақпарат, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру, мамандық таңдауда көмек көрсету, сонымен қатар ТжКББ мамандықтарының беделін көтеру мақсатында өткізілді.

Іс-шара аясында Көлік және коммуникация колледжімен 1203000 «Темір жол көлігінде қозғалысты басқару және тасымалды ұйымдастыру», 1106000 «Темір жол жылжымалы құрам өндірісі» және 1108000 ««Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)» мамандықтары бойынша студенттердің шығармашылық жұмыстары , өндірістік оқыту нәтижесінің өнімері және жобалар макеттерінің көрмесі ұсынылды. Фестиваль барысында 600 дана көлемінде ақпараттық буклеттер таратылып, жалпы білім беретін мектептердің мың жарымнан аса 9-11 сынып бітірушілері елордадағы техникалық және кәсіптік білім ұйымдары туралы қажетті ақпарат алды.





Бегімсалова Әсел Талантқызы
Кәсіптік бағдар беру және жұмыспен
қамту бойынша бөлім меңгерушісі