Body: 


2018 жылғы 18 мамырда колледжде «Биоақпараттану және синергетика» технологиясы мүшелерінің есеп беру кеші өтті.

Студенттердің өзін-өзі басқару және өзіндік дамып жетілуі, рухани жаңғыру және патриотизмге тәрбиелеу мақсатында бұл технологияның берері мол. Соның дәлелі ретінде колледждің 1 курс студенттері өзін-өзі басқару құрылымын құрған болатын.

«БжС» президенті, мәдениет, спорт, ішкі істер
министрліктері, колледж заңгері және сараптамашылар 1 курс студенттері арасында белсенді студенттер тобын қалыптастырды. Ішкі істер министрлігімен сараптамашылар колледжішілік ережені бұзғандармен мен құқықбұзушылық жасаған студенттермен жұмыс жасаса, мәдениет және спорт министрліктерінің мүшелері белсенді колледждің саяси – қоғамдық, мәдени – бұқаралық өміріне белсене араласатын студенттердің ұжымын қалыптастырды.

Өз құрылымдарын «СМиК» (Союз молодых и креативных) деп атап кеткен «БжС» технологиясының мүшелерінің жұмыс істеуінің қалыптасуына «БжС» технологиясы президенті 1СД-217 тобының студенті Елдос Қаржаубаймен колледж заңгері 1ОДД-217 тобының студенті Маржан Ақжанның қосқан үлестері өте зор.

Колледжіміздің белсенді студенттерінің жұмысының нәтижесін көруге «Биоақпараттану және синергетика» технологиясының негізін қалаушы, педагогика ғылымдарының кандидаты Федор Яковлевич Вассерман және қала мектептері мен басқа колледж студенттері қонаққа келген болатын.

Есеп беру кешінің соңы мәдениет министрілігінің және барлық «БжС» техгологиясының мүшелерінің қатысуыме өткен, халқымыздың бірегей ұлы, алты алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев бабамыздың рухына арналған «Мағжан оқулары» мерекелік іс-шарасымен аяқталды.

Студенттеріміздің атқарылған еңбектеріне Федор Яковлевич мырза лайықты бағасын беріп, алдағы уақытта осы атқарылған жұмыстардың одан әрі гүлденетініне сенім білдірді.





А. Мұратұлы