Body: 

31 мамыр 2018жылы Көлік және коммуникация колледжі кітапханасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Жазаықсыз жапа шеккендер» тақырыбында ауызша журнал өткізілді. Іс шараны өткізудегі негізгі мақсат: қазақ халқы тарихында өшпес із қалдырған қасіретті беттерді қайта зерделеп, ашаршылық жылдарындағы тарихи шындықтарды ашу, тәуелсіздік жолында жан аямай күрескен қазақ зиялыларын ұрпаққа ұлықтау.

Шара барысында кітапханашы Омарова М.М. Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған.

Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшырағанын, «Халық жауларының» 40 мыңы кейін ақталғаны туралы әңгімелеп берді.
Сонымен қатар «Соңғы сөз, соңғы сурет» слайды, «АЛЖИР» деректі фильмі көрсетілді. ПМ - 217 және 3 Д - 215 тобының студенттері белсене қатысты.

Г.Жунусова