Body: 


«Алты алаштың баласы жиналса арасындағы құрметтісі – ұстаз» деп білетін ұлтымыз, қашан да ұстаз деген қастерлі аттың иелерін аса құрметтеген. Шынында да, бойындағы бар жиған білімі мен тәжірибесін шәкіртіне беріп, ғылымның ғана емес өмірдің сабақтарын үйрететін оқытушыларға қандай құрмет көрсетсек те көптік етпес.


Айтулы күнге орай, колледжде, 6 қазанда «Ұстазым әнім мәңгілік, жадымда тұрар жаңғырып» атты мерекелік іс-шара өтті. Көңілді кештің шымылдығын колледж директоры, саяси ғылымдардың докторы, Астана қаласы мәслихатының депутаты Зұлфухар Сұлтанұлы Гаипов оқытушыларға арналған құттықтау сөзімен ашты. Өз сөзінде Зұлфухар Сұлтанұлы колледждің өркендеуі мен дамуында, білімі мен беделінің артуында ұстаздар қауымының атқарған еңбегінің орасандығын, және колледждің ғана емес Еліміздің болашағы ұстаздарға тікелей байланысты екенін айтып өтті. Бұл мерекенің қадірлі қонағы - еңбек ардагері, колледждің құрметті оқытушысы Титенков Леонид Петрович болды.


Жыл сайынғы дәстүрлі марапаттау рәсімі өтті. 2018-2019 оқу жылындағы «Үздік педагог» мәртебесін ие болған Ермаханова Роза Сагидуллақызын құттықтаудан басталды. Колледж директоры ҚР Білім және ғылым министрлігінің куәлігі мен төс белгісін табыстады.


Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен Есенбекова Алтынай Есенбекқызы, Аубакирова Эльмира Сапарбекқызы марапатталды.


Балалар мен жасөспірімдердің музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруін ұйымдастыруға және өткізуге, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде мәдени мұраны сақтауға және дәріптеуге үлес қосқаны үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатын Далабаева Айгүл Тұяққызы иеленді.


ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК Елімізде бұқаралық спортты дамытуға, жастарға дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосқаны үшін
Байдильдин Ерхан Шөптібайұлы, Жусупов Марат Баймуратұлы марапатталды. Осы жоғары марапаттаудан Жанбосынова Марияш Абиловна да орын алды. Зұлфухар Сұлтанұлы аталған оқытушыларды тағы бір құттықтап өтті.



Астана қаласының Білім басқармасы «Мадақтамасы», Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Біз Қазақстанның болашағымыз!» атты колледж оқытушылары Спартакиадасының қорытындысы бойынша ІІ-орынға ие болғандары үшін Көлік және коммуникация колледжінің командасы, Қалалық білім беру ұйымдары оқушыларының Спартакиадасы барысында елордалық жас жеткіншектердің спортқа қызығушылықтарын дамытуға қосқан үлесі үшін Жусупов Марат Баймуратович, Беріков Бағдат Берікұлы, Астана қаласының Білім басқармасы «Гуманитарлық колледж» дипломымен Футболдан өткен турнирден 1-орын алғаны үшін Көлік және коммуникация колледжі және Үздік қақпашы номинациясының жеңімпазы Мырзағалиев Бахыт аталды. Сонымен қатар, 2017-2018 оқу жылында Біліктілік санаттан өткен оқытушыларға да куәліктер тапсырылды. Олардың қатарында Ахметова Айгуль Толебайқызы, Алимгожина Жанар Саяхатовна, Жапанова Раушан Еркиновна, Амирова Галия Асхатовна, Тарасова Екатерина Борисовна, Жаксыбаева Мария Мурсалимовна, Ныгыметова Лира Каскырбаевна бар.


Астана қаласының білім саласына қосқан үлесі, жемісті еңбегі және қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаны үшін Астана қалалық «Әділет» Кәсіподағының атынан Осташова Лариса Александровна, Альжапарова Жанат Жумабековна, Базилбаева Гульжазира Толеуовна, Тарасова Екатерина Борисовна, Беріков Бағдат Берікұлына алғыс хаттар табысталды.


Сондай-ақ, еңбек өтіліне байланысты 10 жыл қызмет еткен Ахметова Айгуль Толеубаевна, 15 жыл қызмет еткен Тарасова Екатерина Борисовна, 20 жыл қызмет кеткен Калиев Орал Тастыбаевич, 25 жыл қызмет еткен Далабаева Айгуль Туяковна, 30 жыл қызмет кеткен Матвеева Лариса Ивановнаға колледж директорының алғыс хаты берілді



Салтанатты іс-шара құттықтау сөздермен бірге, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Сәуле Желдібаева, Қалалық «Астана ән қанатында» атты байқауының жүлдегері Нұрғиса Әбдімомын, Республикалық «Қазақстан дауысы» байқауының финалисі, Халықаралық «Дала дауысы» байқауының лауреаты Маржан Исаева сияқты өнер майталмандарының ән шырқаумен жалғасты. Концерттік бағдарлама көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады.


У.Бақыт