Body: 

2018 жылғы 9 қазанда колледжде "Құқық" қоғамдық қорының заңгері И.К. Тауекелов «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбында студенттермен семинар - тренинг өткізді. Заңгер «кәмелеттік жасқа толмағандар болып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау уақытында 16 жасқа толмағандар есептелетінін, олар үшін әкімшілік жауапкершілікті ата-аналары өтейтінін» айтты. Сонымен қатар, жазаның негізгі түрлеріне де тоқталды.

Семинар барысында И.К.Тауекелов студенттерге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша әкімшілік жазалардың түрлері туралы, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу, қоқым тастаған жағдайда 3 айлық есебінде айыппұл төленетіні туралы мәлімет берді. Қылмыстық кодекс бойынша бопсалаушылық, зорлық көрсету баптарындағы кәмелет жасқа толмағандарға тағайындалатын жаза түрлеріне де тоқталды.

Семинар-тренинг соңында студенттер өздерін қызықтырған мәселелер жөнінде сұрақтар қойып, кеңестер алды. Сондай-ақ болашақта құқықбұзушылықтың соңы жақсылыққа әкелмейтінін түсінді.


Г. Нұрқабыл