Body: 

2018 жылғы 26 қазанда колледждің акт залында ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ директоры А.К.Әубәкіровамен кездесу өтті. Осы шараға 0902000 «Электрмен ұамтамасыз ету», 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс», 1309000 «Оптикалық және электрондық жабдықтар» мамандықтарының түлектері және жас оқытушылар қатысты.

Кездесу ақпараттық бағыт беру мақсатында өткізілді. Болашақ түлектер мен жасмамандарға магистратура, докторантура және ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу ережелері туралы айтып өтті.

Сондай-ақ бакалавриаттың үкіметаралық гранты туралы мәліметтер берілді.
Кездесу барысында студенттер «Болашақ» бағдарламасы, оның қабылдау және оқыту шарттары, жұмысқа орналасу мәселелері туралы сұрақтар қойды. А.К. Әубәкірова кездесуге қатысқандарға алғысын білдірді.


Кәсіптік бағдар және жұмыспен қамту
бөлімінің басшысы А.С.Молдаш