Body: 

2018 жылғы 26 қазанда колледжде «Жаңа белес-2018» атты 1 курс студенттерін студент қатарына қабылдау шарасы өткізілді. Бұл шараны тек бірінші курс студенттері ғана емес, жоғары курс студенттері де асыға күтеді. Биылғы оқу жылында ұйымшыл студенттік ұжым қатары 416 студентке толықты.

Бұл күн жақындаған сайын 1 курс студенттерінде көбірек толқу сезіледі. Әрине, әрбір топтың ұжымдық рухы оның алғашқы қадамдары арқылы қаланады. Айта кететіні, жалпы колледждегі шығармашылық сезім оларды алғашқы білім алған кезінде баурап алады. Сондықтан студенттер қатарына қабылдау күні – бұл жай ғана іс-шара емес, бұл колледждегі әрбір студенттің көпжылдық шығармашылық имиджін құру күні.

Колледж белсенділерінің мерекелік бағдарламасы колледж гимнімен ашылып, өнерпаздардың ән-билері залда тұрған барлық көрермендердің қызығушылығын туғызды. Дәстүрлі түрде студенттерді директордың өндірістік жөніндегі орынбасары Өміргул Хамзиұлы құттықтап, оқуда табыс, креативті идеялар және белсенді өмірлік ұстанымдарын жолдады.

Мерекеде 1 курс студенттері ант қабылдап, студенттік билет табысталды. 2СД-217 тобының 2 курс студенті Қаржаубай Елдос эстафетаны салтанатты түрде 1ПОВТ-118 тобының 1 курс студенті Қайрат Диниясқа табыстады.

Тек осы салтанатты рәсімнен кейін ғана әрбір бірінші курс студенті "Мен Көлік және коммуникация колледжінің студентімін!"-деп айта алады. Мерекелік кеш би кешімен жалғасын тапты.


Н. Сейтмуратов