Body: 

2018 жылы 29 қазанда колледжіміздің №1 Студенттер үйінде «Күз ханшайымы» атты қыздар арасындағы сайыс өтті. Сайысқа тек бірінші курстың арулары қатысып, бар өнерлерін салды. Кештің негізгі мақсаты студенттер үйіне жаңадан келіп жатқан бірінші курс студенттеріне жақсы көңіл күй силап, жаңа ортамен тез араласуларын қамтамасыз ету болды. Төрт кезеңнен тұрған сайысқа №2 Студенттер үйінің тәрбиешісі Жұмагүл Дүйсенбаевна, колледж психологы Эльмира Сериковна, №1 студенттер үйінің коменданты Бақыт Айымсаловнамен Жастар ісі комитетінің инсипекторы Ұланбек Бақытұлы қазылық етті.
Бірінші сайыста өздерін өлеңдетіп таныстырған аруларымызға әділ қазылар да жоғары ұпай берді. Қолдарынан бал тамған аспаз екенін дәлелдейтін екінші сайыстанда сұлуларымыз сүрінбей өтіп үшінші сайыста ән айтып би билеп өз өнерлерін көрсетті. Шешуші сайыс талшыбықтай бұралған бойжеткендеріміздің сән үлгісін көрсетуімен өз мәресіне жетті.
Жүйрікті жүйрік озар жарысқанда дегендей әділ қазылар биылғыкүз ханшайымы –Дюсебаева Аружан деп шешті. Ал екінші орынды Тлеубаева Заринамен Жақсылықова Айда бөлісіп, жүлделі үшінші орынды Туякова Сабинамен Аханова Гүлдана еншіледі. Кеш соңында әділ қазы алқалары №1 студенттер үйіне жоғары деңгейде ұйымдастырылған сайыс үшін үлкен алғыстарын жеткізді.


Ұ. Бақыт