Body: 

2018 жылғы 9 қараша күні колледж базасында 2018-2019 оқу жылындағы "Көлік және логистика" кластерінің жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласындағы ТжКБ-тін он колледжінің өкілдерінің қатысуымен кластер жоспарының ұйымдастырушылық мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

1. «Техникалық колледж» МКҚК;
2. «Кәсіптік-техникалық колледж» ҚМУ;
3. «Политехникалық колледж»МКҚК;
4. «Көпсалалы колледж» МКҚК;
5. «Құрылыс-техникалық колледж» МКҚК;
6. «Менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС;
7. "М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы" АҚ «Ақмола колледжі» ЖШС;
8. «АСУ» гуманитарлық-техникалық мекемесі;
9. «Астана техникалық-экономикалық колледжі» ЖШС;
10. "Тұран-Профи" қалалық экономика колледжі" мекемесі.
Жоспарды директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Өміргүл Хамзеұлы Жунуспеков таныстырды.

Жоспар 2016-2019 жж. арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және 2017-2022 жж. арналған Астана қаласындағы білім беруді дамыту бағдарламасының аясында жүзеге асырудың жоспарланғанын атап өтті.
Осы дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар жоспарды іске асыру және кластерге жататын барлық колледждердің жұмыс жоспарын іске асыру үрдісін белсенді жүргізу қағидаларын талқылап бекітті.


Ө. Х. Жунуспеков