Body: 

Көлік және коммуникация колледжнің "Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)" мамандығының 3ЭН-116 тобының студенттерімен 13 қараша күні Ақмола облысының "АРЭК" АҚ-ның ПС 110/10 кВт «ЧЛЗ» экскурсия ұйымдастырылды.
Компания экскурсияға арнайы автобус бөлді. "АРЭК" АҚ-ның техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі басшысының орынбасары Ганоль Галина Николаевна және бас маман Садыкова Анар Саиновна экскурсия барысында студенттерге заманауи электр энергиясының көп жүйелі есептеу құралдарымен таныстырды. 110 кВт электр газды қосылғыштардың әрекеттері мен жұмыс істеу құрылғылары, жабдықтарын танып білді.
Техника қауіпсіздігі бойынша арнайы жабдықталған кабинеттерде студенттер энергиялық құрылғылардың жұмысына қажетті қосымша құралдармен танысты, содан кейін кезекші диспетчердің кабинетімен танысты.
Осындай теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру студенттердің өз мамандықтары бойынша сапалы білім алуларына мүмкіндік береді.



«Энергетика, экономика және менеджмент»
кафедрасының оқытушысы Муравьева С.А.