Body: 

16 қараша күні "Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)" мамандығының 3 курс студенттері "Көрме" орталығында өткен «ЖКХ-Строй-Экспо. SmartСity-2018» XI халықаралық көрме-форумына қатысты. SmartСity-2018»- бұл Қазақстанның тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс салаларын дамыту мәселелерін қамтиды.
Экскурсия «Жасыл энергетика» үйірмесінің жұмыстары аясында ұйымдастырылды. Онда студенттер энергияны үнемдеу және энергияның тиімділігі туралы инновациялық жобалармен танысты. Бірінші кезекте, Эко-инновации – «жасыл технология», нанотехнология; Энергияны үнемдеу, энергияның тиімділігі, ресурстарды сақтау; энергияның альтернативті көздері, альтернативті энергияны үнемдеу жүйелері сияқты павильондары қызықтырды.
Көрмеге қатысушылар "Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек" курсымен таныстып, сараптамашыларға қызықтырған мәселелері бойынша сұрақтар берді. «Kun Tech» ЖШС өкілдерінің "Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық нысандарына ВИЭ енгізу мәселелері" атты баяндамаларын тыңдады.
Студенттердің осы көрмеге қатысуы олардың күнделікті өмірде, үйірмедегі техникалық шығармашылықтарына жол ашатын жаңа мүмкіндік болды.



"Жасыл энергетика" үйірмесінің жетекшісі Муравьева С.А.