Body: 

Колледж «Таза сессия», «Астана - жемқорлықсыз қала» акциясын бастады. Акция барысында студенттер мен оқытушылар арасында студенттердің заңсыз ақша жинауының алдын алу бойынша шаралар жүргізілуде.
Бұдан басқа, бейнефильмдер көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылады. Сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша студенттер арасында жасырын сауалнама жүргізіледі.
Осыған орай 2018 жылдың 2 желтоқсанында «ҚАРСЫ» қоғамдық жастар қозғалысының жетекшісі Б.Жилділаевпен кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық тұжырымдамасын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерді жетілдіру, заң үстемдігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату, оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға тәрбиелеу.


А.Есенбекова