Body: 

2018 жылғы 12 желтоқсанда «Көлік және логистика» және «Энергия және телекоммуникациялық технологиялар» кластерлерінің жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында колледж базасында қалалық семинар өткізілді.
Семинар жұмысына Үйлестіру кеңесінің өкілі, әлеуметтік серіктестер және Астана қаласының Техникалық және кәсіптік білім беретін 15 ұйымның өкілдері қатысты.
Семинар директордың оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары О.Х. Жүніспековтің алғы сөзімен ашылды.
Семинар барысында Үйлестіру кеңесінің төрайымы Л.И. Матвеева Астанадағы ТжКБ-да кластерлік білім беру құрылымымен танысуға және «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікке арналған бағдарламасы», оның жүзеге асырылуына және нәтижелеріне назар аударды.
«Энергия және телекоммуникациялық технологиялар» кластерлерінің жетекшісі Д.Б. Бимағанбетов кластердің мақсаты мен міндеттерін, Астана қаласының ТжКБ ұйымдарының білім сапасын көтерудің рөлін айтып өтті.
Әлеуметтік әріптестердің талқылауы барысында Астана қаласының «Бителеком» АҚ-ның Астана қаласындағы ПТСК филиалының директоры Сергей Николаевич Лавров пен «Energy service RTD»ЖШС-нің телекоммуникациялық технологиялар департаментінің директоры Арман Болатович телекоммуникация және бизнес арасындағы өзара әрекеттесу мәселелеріне тоқталды. Кəсіпорындар үшін мамандандырылған кадрларды даярлау қажеттілігі, болашақ түлектердің бейіндік бағдарларына назар аудару туралы айтылды.
Арнайы пәндер оқытушысы С.А. Муравьева 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету (сала бойынша)» мамандығы бойынша 2ЭН-117 тобында «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы» бойынша студенттерге арналған оқытуды ұсынған баяндаманың тақырыбын ұсынды.
Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар модульдік және дуалды оқытуды ұйымдастырудың инновациялық тәсілдеріне байланысты мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді.


Ж.Шаяхметова