Body: 

2018 жылдың 11-желтоқсанында Жас маман мектебінің отырысы өтті.
Отырыс барысында жас мамандар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты, қазақ елінің тарихи және мәдени құндылықтары жайлы мақаласын зерделеді.
«Оқытушы мәдениеті – тәрбие үрдісінің негізі» тақырыбында ой өрбітіп, теориялық білімді меңгеріп, өз пікірлерін ортаға салды.
Колледж әдіскері Ж.Т.Мылтыкбаева жас оқытушыларға аралық аттестаттауға дайындық, қорытынды бағалау тәртібі, бақылау жұмыстары мен сынақ жұмыстарын алу әдістемелері туралы айтты және оқытушылар тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді.
«Менің әкем – ең жақсы адам» аудиоматериалы тыңдалып, осы материалды сабақ барысында және сыныптан тыс іс-шарада қолдану әдістері ұсынылды.
Отырыста жас мамандар студенттердің оқулықпен және оқу мәтінімен жұмысын ұйымдастыру түрлері туралы үйге тапсырма алды. Отырыс соңында жас мамандар оқу үрдісі барысында туындаған сұрақтарын ортаға салып, ой бөлісті.


Әдіскер: Мылтыкбаева Ж.Т.