Body: 

2018 жылдың 19-21 желтоқсан аралығында Астана қаласының Евразия спорт кешенінде 1998-2000 жылғы жастар мен қыздар арасында белбеу күресінен Әлемнің 16 елі қатысқан Әлем Чемпионаты өтті. Айтулы жарыстағы аса ауыр салмақтың чемпиондық медальін осы жарысқа дейін жасөспірімдер арасында Әлем Чемпионы атанған колледжіміздің 4 курс студенті Сейтенов Жандос жеңіп алды. Әлемнің Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Алжир, Латвия, Литвия, Колумбия, Ветнам, Ирак, Палистина, Индиа, Египет, Индонезия және Иран сынды елдерінен келген толағай балуандардың жауырынын жерге тигізген жас алып Жандос ел құрамасын командалық есепте 2 орынға шығарып ел мерейін үстем етті. Жалпы саны 140 балуан бақ сынап 28 кәсіби төреші төрелік еткен байрақты бәсекеде Ресей құрамасы 1 орынды, Қазақстан 2 орынды еншілесе, өзбек ағайындарымыз 3 орынды қанжығаларына байлады. Бұған дейін де қазақ күресімен белбеу күресінен өткен талай айтулы жарыстарда қазақтың атын шығарып жүрген палуанымыз жастайынан бойында бар спортқа деген құмарлығын колледж қабырғасында еселей түсті. Елге танымал аға жаттықтрушылардың алдында өзін көрсете жүріп білімімен білегін қатар шыңдады.
Жандос 4С-215 тобында білім алуда. Колледж студенттері оны тек спортшы ретінде ғана емес жақсы оқитын адал дос ретінде біледі. «Біз оны мақтан етеміз, және қазақ елінінің көк туын биікке көтеретін болашағы зор, мықты спортшы екеніне сенеміз»,- дейді Жандостың бірге оқитын достары.


Спорт нұсқаушысы: Е.Байдильдин