Body: 

2018 жылдың 26 желтоқсаны күні колледжде бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Бұл шараның мақсаты колледж ұстаздарының 3 жастан 12 жасқа дейінгі балаларына мерекелік көңіл күй силап, балаларды мереке қарсаңында қуанту болды.Залдың көркем безендірілуіне қарап ертегіге толы сиқырлы мерекені үлкенмен кішінің асыға күткенін байқауға болады. Шараға келген бүлдіршіндерге ұстаздармен колледж өнерпаздары концерттік қойылым қойып, кештің шырайын келтірді. Ертеңгілікке арнайы қатысқан колледж директоры Зулфухар Султанұлы балақайларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оқуда озат әрі үлгілі бала болыңдар деп өз ықыласын білдірді.
Кеш барысында кетіп бара жатқан ит жылы балаларға ән айтып өз өнерін көрсетсе, жаңадан келіп жатқан доңыз жылы балақайларға өзінің өлең жолдарын оқып берді. Сонымен қатар колледждің өнерпаз студенттері әр түрлі жануарлардың кейпіне еніп сәбилерді қуантуға бар өнерлерін салды. Әсем ән айтылып керемет би биленген көңілді кештен балалар Аяз атамен Ақша қардан силықтар алып жақсы көңіл күйде тарасты. Кеш соңында балалар Аяз ата Ақшақармен жыл кейіпкерлерімен суретке түсіп бір мәз болып қалды.


Ұ. Бақыт