Body: 


2019 жылдың 4 қаңтарында «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК кітапханасында арнайы пәндер оқытушыларына арналған ақпарат күні өткізілді. Кітапхана қызметкерлері кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптармен және Санкт – Петербургтың теміржол көлігі техникумынан сыйға тартылған кітаптар оқытушыларға таныстырды.Кітапхана меңгерушісі Жунусова Г. Б. мандарға арналған басылымдарға арнап ұсыныс шолу өткізді. Кітапханашы Омарова М. М. жаңа басылымдардың электронды презентациясын екі тілде дайындады.Алғы сөз ретінде оқу – әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Матвеева Лариса Ивановна мұғалімдерге сөз сөйледі. Арнайы пән мұғалімдері оқтыу барысында қажетті кітаптарды пайдалану және қажетті кітаптарға тапсырыс беру мүмкіндіктерімен танысты. Техникалық және Кәсіби білімді жетілдіру және жаңғырту, ғылым мен техниканың басты жетістікттері туралы білімді және кәсіби дамудың тәсілдерін меңгерген, еңбек нарығындағы қажетті мамандарды дайындайты мұғалімдер болғандықтан, мамандарға ақпарат беретін библиографиялық іс – шараларды қажет етеді.


Г. Жунусова