Body: 

2019 жылғы 8 қаңтар күні колледждің мәжіліс залында 1310000 «Көліктік радиоэлектрондық жабдықтарды теміржол көлігінде пайдалану» және 1311000 «Темір жол көлігінің жедел технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану» мамандығының студенттері арасында технологиялық тәжірибе қорытындысы бойынша конференция өткізілді.
Конференцияға колледжіміздің әлеуметтік серіктесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Байланысты басқарудың бас орталығы» филиалының 1 дәрежелі менеджері Сатуов Жандос Қайратұлы және «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Астана байланыс және сигнализация дистанциясының» инженер – электроншысы Айымсал Рүстем Қайратұлы шақырылды, сонымен қатар осы мамандықтың 2,3 және 4 курс студенттері қатысты.
Алғы сөзді директордың өндірістік оқу тәжірибесі жөніндегі орынбасары Жүнүспеков Өміргүл Хамзинұлы бастады. Түлектерді технологиялық тәжірибені жақсы өтулерімен құттықтап, алдағы уақытта тәжірибелік дағдыларын жоғарғы деңгейлерде көрсете берулерін тіледі.
Өндіріс инженері Айымсал Рүстем Қайратұлы өз сөзінде колледж студенттерінің теориялық, тәжірибелік дағдыларының жоғары деңгейде екендігін және қазіргі уақытта біздің колледж түлектерінің аталған мекеме қызметкерлері қатарында екендігін атап өтті.
4 курс студенттері тәжірибені АҚ «ҰҚ «ҚТЖ» «Байланысты басқарудың бас орталығы», «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Астана сигнализация және байланыс дистанциясы» филиалы, АҚ «Транстелеком» филиалында және т.б. байланыс мекемелерінде өтіп, алған дағды, тәжірибелерімен бөлісті.
Технологиялық тәжірибені өту барысында өздерінің білімдерін өте жақсы көрсеткен студенттерге мекеме тараптарыннан алғыс хаттар және мадақтамалар берілді.


Г.К.Кайдарова