Body: 

2019 жылғы 25 қаңтар күні колледждің мәжіліс залында 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)» мамандығының студенттері арасында технологиялық тәжірибе қорытындысы бойынша конференция өткізілді.
Конференцияға колледжіміздің әлеуметтік серіктесі «Energy service RTD» ЖШС директоры Телев Арман Болатович және «Береке-Энерго» ЖШС директоры Акибеков Ильяс Оразханович шақырылды, сонымен қатар осы мамандықтың 2,3 және 4 курс студенттері және 0913000 «Энергоменеджмент» мамандығының 2 курс студенттері қатысты.
Алғы сөзді директордың өндірістік оқу тәжірибесі жөніндегі орынбасары Жүнүспеков Өміргүл Хамзинұлы бастады. Түлектерді технологиялық тәжірибені жақсы өтулерімен құттықтап, алдағы уақытта тәжірибелік дағдыларын жоғарғы деңгейлерде көрсете берулерін тіледі.
«Energy service RTD» ЖШС директоры Телев Арман Болатович өз сөзінде колледж студенттерінің теориялық, тәжірибелік дағдыларының жоғары деңгейде екендігін екендігін атап өтті.
«Береке-Энерго» ЖШС директоры Акибеков Ильяс Оразханович қазіргі уақытта біздің колледж түлектерінің аталған мекеме қызметкерлері қатарында екендігін атап өтті.
4 курс студенттері тәжірибені "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы - " Ақмола магистральдық желі бөлімшесі – - Атбасар электрмен жабдықтау дистанциясы», "Қарағанды Аймақтық Энергетикалық компания "ЖШС», "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы - "Ақмола магистральдық желі бөлімшесі" Астана электрмен жабдықтау дистанциясы»және т.б. байланыс мекемелерінде өтіп, алған дағды, тәжірибелерімен бөлісті.


Есентаева Ж.Б.
Шаяхметова Ж.Б.