Body: 

2019 жылдың 29 қаңтарында колледждің мәжіліс залында 1409000 «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» 1203000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігінде қозғалысты басқару», 1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)» мамандықтары бойынша 4 курс студенттерінің өндірістік –технологиялық тәжірибесі қорытындысы бойынша есеп беру конференциясы өтті. Конференцияға осы мамандықтар бойынша барлық топ студенттері қатысты.Конференция ашылу салтанатын колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Е. Есенбекова атқарды.
Сөздерінде студенттерге технологиялық тәжірибенің маңызын айтты және дуалды оқыту жүйесін іске асырудың нәтижесі ретінде 1409000 «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» 1203000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігінде қозғалысты басқару» мамандықтарының студенттері осы тәжірибе қорытындысы бойынша әлеуметтік серіктестер мекемелерінде өз мамандықтары бойынша жмыс жасап жатқанын атап көрсетті.
Конференцияға арнайы «ҰК «ҚТЖ» АҚ Ақмола маистральді жел бөлімшесінің филиалы –Астана жол дистанциясының өндірістік оқыту шебері Е.А. Сарсембаев пен техникалық бөлімінің жетекші инженері Нургожин А.Ф. шақырылған. Алғашқы сөз келген қонақтарға берілді.
«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының филиалы –Астана жол дистанциясының өндірістік оқыту шебері Е.А. Сарсембаев өзінің осы колледждің түлегі екенін, мамандыққа қалай келгенін, студенттердің дұрыс әрі жақсы мамандықты таңдағаны туралы, теміржолда жұмыс жасаудың жауапкершілігі туралы әңгіме қозғады. Сөзінің соңында студенттерге болашақта жақсы маман иесі болуыларына және колледж ұжымына жұмыста табыс пен сәттілік тіледі. Нургожин А.Ф. студенттерді өндірістік тәжірибені жақсы өткенін атап өтіп, колледж ұжымына алғысын білдіріп, білікті маман даярлауда жетістіктер мен шығармашылық табыс тіледі. 4С-215 тобының студенті Бекімбетов А, 4ОПУД-215 Хайргельдин З., 4Д-215 Амангелді А. және Абдуали С., 4Д-415 Осербай С.Т., 4Д-115 және 4Д-315 Бредгауэр В.В., Абилхаиркызы А., Ашимов С. өз баяндамаларымен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, тәжірибеден жиған-түйген білімдерімен бөлісті.
Конференция соңында келген қонақтар студенттерге оқуда табыс, шығармашылықта шыңнан көріне берулерін тілектестік білдіріп, тәжірибе барысында өздерін жақсы қырынан көрсеткен студенттерге алғыс хат табыстады.


Р.Ермаханова