Body: 

2019 жылдың қаңтар айының 26-27 күндері аралығында 2002-2003жылы туылған жасөспірімдер мен қыздар және 1999-2001жылы туылған жастар мен қыздар арасында қазақ күресінен Астана қаласының чемпионаты өтті. Осы чемпионатқа колледжден он бес палуан қатысып бақтарын сынады. Жасөспірімдер арасында үш бірдей палуанымыз үшінші орынға ие болды. Олар: Аманбай Ақжол (64кг) 2ОДД-217 тобының, Смайлов Азамат (72кг) 1ЭН-218 тобының және Абдрашит  Алтынбек (46кг) 1ОПУД-218 тобының студенттері.  Екінші орынға 1ЭМ-218 тобының студенті Шәймерденов Нұрдәулет (51кг) ие болды. ЭМ-418 тобының студенті Сәлімхан Дархан (57кг) және 2С-217 тобының студенті Бейсенбеков Әділхан (+82кг) осы чемпионаттың жеңімпаздары атанды.   Аталған жарыста бірінші-екінші орын алған спортшылар наурыз айының 11-16 аралығында Ақтөбе қаласында қазақ күресінен өтетін Қазақстан Республикасының Чемпионатында Астана қаласының намысын қорғайды.

Жастар арасында үш палуанымыз Астана қаласының чемпионы атанды. Олар: 4С-215 тобының студенті белбеу күресінен Әлем Чемпионы Сейтенов Жандос (+100кг), осы топтың студенті Бекімбетов Абылай (90кг) және қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионы Қанатбек Әсем. (70кг) 3ТЭТР-116 тобының студенті Жастар құрама командасы наурыз айының 26-30 аралығында Қостанай қаласында қазақ күресінен өтетін Қазақстан Республикасының Чемпионатына қатысады.

Палуандарымызға боз кілемде сәттілік тілейміз!!!

 

 

 

Спорт нұсқаушысы:   Е.Байдильдин