Body: 

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін ұтымды оқыту әдіс-тәсілдерін курс барысында ұғындық.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960 ж.) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді.

     

Білім алушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалаулар баланы жан-жақты ізденуге ынталандырады. Аталған бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ықыласын туғызады.

            

Семинар барысында жаратылыстану-математика пәндері кафедрасының оқытушылары Жанбосынова М.А., Қасымбекова А.А. және колледж әдіскері Мылтыкбаева Ж.Т. осы бағалау түрлерінің талаптары, өткізуге қажетті таратпа материалдар және тапсырмаларға дескрипторлар дайындау бойынша тренингтер мен жаттығулар өткізді.

 

 

Әдіскер: Мылтыкбаева Ж.Т.