Body: 

Білім берудегі кең әлеуметтік әріптестіктің қажеттілігі-  заманауи білім беру технологиялары арқылы қамтамасыз етіледі, олардың көбі студенттерді практикалық оқытуға бөлінеді.

Техникалық және кәсіптік білім беру түлектері -  ең алдымен  тәжірибеге бағдарланған мамандар.  Көлік және коммуникация колледжі студенттерді тәжірибелік сабақтармен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік серіктестермен табысты жұмыстар атқарады.   Жол секторындағы жетекші серіктестердің бірі - «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, ол 2018 жылдың желтоқсанында өзінің 20 жылдығын атап өтті.

2019 жылға 11 ақпанда "Қазақавтожол" РМК басқармасының бастығы Елемесов Бақытжан Сапарұлы  колледж директоры Гаипов Зулфухар Султанұлына автожол саласы үшін жоғары білікті кадрларды даярлауға үлес қосқаны үшін медалмен марапаттады.

Сондай-ақ, "Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы" мамандығы бойынша колледж педагогтарының жұмысы жоғары дәрежеде бағаланып, М.М. Жаксыбаева және С.Ш.   Хаметова "Қазақавтожол" РМК  басшылығының  алғыс хаттарымен марапатталды.

Б.С. Елемесов - Қазақстанның көлік саласын дамытуда  жетістіктерге қол жеткізуіне  сенім білдірді.

 

 

Л.Матвеева