Body: 

2019 жылғы 15 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің Жоғары көлік және коммуникация колледжінің базасында ҚР БжҒМ мәжіліс алқасы өткізілді.
Мәжіліске ТжКБ департаментінің директоры –Н.Ж. Оспанов, Кузенбаев Е.Б. – «Кәсіпқор» Холдинг» ҰАҚ басқарма төрағасының м.а., ведомоствалық ұйымдардың жетекшілері, облыстық ТжКБ бөлімдері, жұмыс берушілер, Астана қаласы және республиканың ТжКБ мекемелерінің директорлары қатысты.
ТжКБ жүйесінің 2019 жылға қойылған жаңа міндеттері және 2018 жылғы жұмыстардың қорытындылары қарастырылды. «Жас маман» жобасын әзірлеу бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Worldskills қозғалысын дамыту- мамандарды жаңа форматта даярлау алаңы, ТжКБ мазмұнының өзгерісі, ТжКБ жүйесін қаржыландыру және студенттер арасындағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша да сұрақтар қарастырылды.
Мәжіліс өте жоғары деңгейде өтті, ТжКБ жүйесінің арнаулы орта білім беру мәселелері бойынша заңнамалық және нормативті-құқықтық базасын жетілдіру туралы ұсыныстар қарастырылды. «Жас маман» бағдарламасы аясында оқу орындардың материалдық-техникалық базасын дамыту, WorldSkills Kazakhstan аймақтық чемпионатты сапалы өткізу, «WorldSkills Kazan 2019» кәсіби шеберліктері бойынша әлемдік чемпионатқа қатысу, WorldSkills (Digital, Agro, Нi-tech Skills) чемпионаттар салаларын өткізу туралы талқыланды.2017-2021 жылдардағы «Еңбек» өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Мем. бағдарламасын іске асыру мәселелері қарастырылды. Сонымен бірге, «Тегін ТжКБ беру» жобасы бойынша, ТжКБ ұйымдарының қамқорлық кеңесінің жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды белсенді жүргізу мәселесі де қаралды.

 

 

Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары
Л. Матвеева