Body: 

2019ж. 20 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласының Гуманитарлық колледжінде «2019 жыл - Жастар жылы» деп жариялануына байланысты және колледждің баспалдағын қалаған алғашқы директоры Отызбай Сүйіндікұлының 90-жылдық мерейтойы қарсаңында, «Жас Отан» Жастар қанаты Елордалық филиалының қолдауымен қалалық колледждердің арасында дебаттық турнир өткізілді. Турнирге қала колледждерінен 24 команда қатысты.
Сайыс үш кезеңде өткізілді. Іріктеу кезеңіне келесі тақырыптар ұсынылды: «Бұл палата (БП) екі жұмыс істейтін адамдарды бір жұмысынан айыру қажет деп есептейді», «БП Қазақстан жастарының сапалы білім алуына жағдай жасалған деп есептейді», «БП дәстүрлі медицинаға қарағанда халықтық медицина тиімді деп есептейді». Жартылай финалда: «Жас Отан жастар қанатының басты міндеті жастардың саяси сауатын арттыру деп есептейді», ал финалдық ойында: «БП Президенттік сайлауға тиімді бағдарлама ұсынады» тақырыптарымен ойнады.
Ойын қорытындысы бойынша, біздің «Болашақ депутаттар» командасы, құрамында Ермеков Рауан мен Ибрагимов Дарын бірінші орын алып, турнирдің Бас кубогын жеңіп алды.
Турнир өте жақсы ұйымдастырылған, мазмұнды және жастарға пайдалы болды деп ойлаймын.
Турнир жеңімпаздарын 1-ші орынмен шын жүректен құттықтаймын!

 

 

«Тальго» дебат клубының жетекшісі Журкабаев Б.С.