Body: 

2018 жылғы 23 сәуірде Жоғары көлік және коммуникация колледжіне Нұр-сұлтан қаласындағы №30 мектеп - гимназиясының 9 сынып оқушылары экскурсияға келді. Экскурсия барысында оқушылар колледждің мамандықтары туралы толық ақпарат алды. Оның материалдық – техникалық базамен танысты, студенттер мен оқытушылармен кездесті.
Оқушылар "Радиоэлектроника және байланыс", "Энергоменджмент", "Теміржолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету" мамандықтары бойынша заманауи жабдықтармен жабдықталған зертханаларға, шеберханаларға, сондай-ақ спорттық тренажер залдарына барды.
Мұражайда балалар колледждің 75 жылдық тарихымен танысты. Оларға телекоммуникация, теміржол көлігі, энергетика және байланыс саласындағы мамандықтар туралы тыңдау қызықты болды.
Біз әрқашан талапкерлерімізді көруге қуаныштымыз. Біздің колледждің есігі болашақ студенттерге әрқашан ашық!
.

 

 

А. Молдаш