Body: 

2019 жылғы 26 сәуірде «Астана» концерт залында "WorldSkills Nursultan-2019" қалалық кәсіби шеберлік чемпионатының жабылу рәсімі өтті. Чемпионат 22 мамырда басталды. Оған 18 - 22 жастағы техникалық және кәсіби оқу орындарының 138 студенті және қаланың кәсіпорындарының жас мамандары 29 құзыреттілік бойынша қатысты.
Жоғары көлік және коммуникация колледжі атынан "Электромонтаж" құзыреттілігі бойынша Алексей Русаков және "Желілік және жүйелік басқару" құзыреттілігі бойынша Сапар Данияр қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша Алексей Русаков чемпионаттың күміс жүлдегері болды. Қатысушыларды жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
.

 

 

Арнай пәндер оқытушысы С.А.Муравьева