Body: 

2019 жылдың 22 мамырында Жоғары көлік және коммуникация колледжінің кітапхана қызметкері Жүнісова Гүлмира «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ілияс Жансүгіровтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің классигі» тақырыбында С – 218 тобының оқушыларымен библиографиялық шолу өткізілді. Мақсаты: оқырмандарды қазақ жазушыларының еңбектерін оқу арқылы өмірге қадам басуға тәрбиелеу. Шара барысында жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәліметтер айтылып, Ілияс Жансүгіров туралы жазылған естеліктер оқылды. Презентация көрсетілді. Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері екені айтылып, әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанырының дамуына және аударма жұмыстарына да ат салысқаны, жайында мәліметтер берілді.

Кітапханашы М.Омарова