Body: 

Нұр - Сұлтан қаласының Білім басқармасы 2019 жылғы 29 мамырда М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайында «Нұр-Сұлтан - жарқын болашақтың қаласы» атты қалалық шебер-класс өткізді. Іс-шара ТжКБ білім беру ұйымдарымен бірлесіп, қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ мектеп бітірушілерге болашақ мамандықты таңдау, көлік, байланыс, ақпараттық технология, логистика, энергетика және т. б. мамандықтар туралы кеңестер беріліп, тегін қызметтер көрсетілді.Біздің колледж атынан «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы С.А. Муравьева және кәсіптік бағдар беру және жұмыспен қамту бөлімі қатысты.Энергияның балама көздері аясындағы инновациялық жобалармен жұмыс барысында, студенттермен жел айдау құрылғыларын енгізу бойынша макеті ұсынылды. Ол болашақта оқу кабинеттерін күн энергиясы және желдің есебінен электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жабдықтар орнатылатын болады.Сондай-ақ, «Электр жарығы» және «Электрлік машиналар мен трансформаторлар» пәндері бойынша оқу макеттері ұсынылды. Шебер- класс өткізу барысында студенттер тұрмыстық техникаларды жөндеу жұмыстарын жүргізді (плойка, фен, шәйнек және т. б.).

А. Молдаш