Body: 

2019 жылдың 3 маусымында колледжде «Тальго» дебат клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер - ұлттың мақтанышы» тақырыбында дөңгелек стөл өткізілді.Мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде және ҚР «2019 жыл - Жастар жылы» аясында студенттердің бойында ұлттық рәміздерге деген ерекше сезімдерін қалыптастырып, ұлтжанды жастарды тәрбиелеу, өз пікірлері мен дүниетанымдық көзқарастарын дамыту.Пікірталасқа «ҚР рәміздерінің философиялық негіздері», «Тулардың тарихи негіздері», «Елтаңба елдің ерекшелігі», «Әнұран-ұлттық рухтың шынайы көрсеткіші», «Ұлттық рәміздердің бірегейлік және тәрбиелік мәнісі» атты тақырыптар ұсынылды.Іс-шараны ашу үшін «Тальго» дебат клубының жетекшісі Б.С.Жұрқабаевқа сөз берілді. Іс-шараның модераторы - клубтың президенті Ермеков Рауанға жүктелді. Баяндамашылар: Бахтияров Нурболат, Садуова Айғаным мен Оспанова Дана, Шәріп Ескендір мен Зарпек Алмас, Байқадамов Нұржан және Ибрагимов Дарын өз баяндамаларында тақырыптың мазмұнын толық ашып, түсіндірді. Әрбір баяндамашылардан кейін көрермендер өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.Қорытынды сөзде клуб жетекшісі Б.С.Жұрқабаев ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдіріп, дөңгелек стөл өз мақсатына жеткеніне сенім білдірді. Баршаңызды Қазақстан Республикасының рәміздер күнімен құттықтаймыз!

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Мырзагалиева