Body: 

2019 жылдың 6 қыркүйегінде колледж акт залында келесі жылы колледжіміздің 75 жылдық мерей той қарсаңында колледжіміздің құрметті ардагерлері, профессор Титенков Леонид Петрович пен Плахотнюк Римма Васильевна биыл колледж табалдырығын жаңа аттап отырған 1 курс студенттерімен кездесті.
Кездесуде алғашқы сөзді колледж ардагері, құрметті профессор Титенков Леонид Петрович сонау 1945 жылы ашылған техникумның тарихы туралы өз ойын айтып, темір жол техникумына 1965 жылы түскені, техникумда жүріп практикадан Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың туған жері Шамалған стансасынан бастағанында айтып берді. Техникумнан кейін мастер қызметінен бастап, колледжде 25 жылдай басшылық қызметте болған. Болашақ теміржолшы мамандық иелеріне жақсы білім алып, жақсы маман иесі болуына тілек білдірді.
Келесі сөз кезекті колледж ардагері, ұстаз Плахотнюк Римма Васильевна алып, биылғы 1 курс студенттерін алғашқы қадамдарымен құттықтады. Өз кезегінде білікті ұстаз теміржол техникумын жақсы біліммен тәмәмдап, одан кейін жоғарғы оқу орнын бітіріп, колледжде қандай мамандықтар дайындайтынын түсіндіріп, өзін теміржолшылар отбасынан екенін айтып өтті. Болашақ жастарды білімге, көптеген іс-шараларға қатысуға шақырды. Сөз соңында 1 курс студенттеріне сәттілік тіледі.
Кездесу барысында колледждің тарихы туралы бейне ролик көрсетіліп тұрды.
Кешті директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзагалиева Г.Г. қорытындылап, келген қонақтарға алғысын білдірді.

Көркемдік жетекші Н.С. Сейтмуратов.