Body: 

Колледжде 2019 жылдың 25-қыркүйекте колледждің әдістемелік кабинетінде жас педагогтарға «Жас маман мектебі» жұмысы аясында оқыту семинары өткізілді.
Семинарда оқытушылардың колледж ұжымына бейімделуі, кафедра оқытушылары мен студенттермен тіл табысуы туралы мәселелер бойынша бағыт бағдар берілді. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары белгіленді.
Колледж психологы Бегалиева Э.С. жас мамандармен «Студентермен жұмыс әдістері» тақырыбында тренинг өткізіп, студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін бақылау туралы баяндап, ұсынылатын жұмыс түрлеріне шолу жасады.
Директордың оқу-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Матвеева Л.И. оқыту формасына қарайдайындалу керек сабақ әзірлемелерін көрсетті. Сонымен қатар оқытушылар жұмысының көрсеткіші ретіндегі, е-portfolio толтыру алгоритмін қадамдап көрсетті.
Колледж әдіскері Ж.Т.Мылтыкбаева оқытушыларға студенттердің белсенділігін арттыру үшін сабақта пайдаланылатын әдістерді саралады.
Отырыс соңында жас мамандармен коворкинг өткізіліп, олар өз тараптарынан туындаған сұрақтарына жауап алып, «Жас маман мектебінің» келесі отырыстарының тақырыптарын талқылады.

Әдіскер: Мылтыкбаева Ж.Т.