Body: 

Еліміздің болашағы болған - жастарды адамгершілікке, үлкенге құрмет көрсетуге, ұлттық құндылықтарымызбен еңбек етуге шақырып, тәрбиелеу мақсатында және келер 2020 жылды Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Волонтерлар жылы» деп бекітуіне орай жасалған қалалық «Ашық жүрек» жобасы аясында Жоғары көлік және коммуникация колледжінде «Мейірім» волонтерлық клубы құрылды. Клуб құрамына бірінші және үшінші курс студенттерінің 150 студенті ерікті түрде тіркелді.
Осыған орай клуб өз жұмысын 2019 жылғы 24 қыркүйек күні зейнеткер Роза апамыздың ауласын тазалап, көмірін кіргізіп, қыстық отынын дайындап беруден бастады. Еңбекке құлшына кіріскен еріктілер аз уақытта ауланы тазалап, отынды жарып, көмірді кіргізіп бар жұмысты тиянақты аяқтады. Жастардың құлшынысын көрген Роза апа оларға зор алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Көмірі даяр, отыны жарулы апамыз көмек берер осындай жастар барында келер қысты алаңдамай қарсы алатынын мақтанышпен жеткізді. Ал жастар болса «Мейірім» волонтерларының апамызға жыл бойы көмектесіп тұратынын айтты.
Кішісі үлкенге, жасы кәріге құрмет көрсеткен елдің болашағы жарқын болары анық. Осындай талапты жастарымыз тұрғанда халық игілігіне арналған қайырымды істер әрдайым жалғасын табатынына біз сенеміз!

ЖІК инспекторы Бақыт Ұланбек